Елімізде жыл басынан бері 15 шетел азаматы еңбек құлдығының құрбаны болған
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гауһар Қалмақова елімізде бірінші жартыжылдықта еңбек құлдығының құрбаны болған 15 шетелдікке арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалмақованың айтуынша шетелдіктерге мұндай көмек былтырдан бері көрсетіліп келе жатыр. Сондай-ақ Қазақстанда барлығы 123 адамға қызмет көрсететін 14 дағдарыс орталығы жұмыс істейтінін қоса кетті.
"Адам саудасының құрбандарына мемлекеттік бюджет есебінен көмек көрсетіледі. Жәбірленушілерге 8 қызмет түрі көрсетіледі: Олар әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени-экономикалық және заңгерлік қызмет. Бұл нормалар Қазақстан азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің адам саудасына қарсы күрес басқармасының бастығы Самат Күсетов.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі