Елімізде жанармай бағасы өсе ме - Энергетика министрі жауап берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жанармай бағасының өсуіне негіз жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Ресейдегі баға өспесе, жанармайдың қымбаттауына басқа негіз жоқ. Резервтегі дизель отыны бір айға, ал АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин 25 күнге жетеді. Отын өндірісін ескере отырып, елде тапшылық болмайды дейді ол.
Бірақ Ресейдегі мұнай өнімдерінің шығындарды өтеу көлемінің төмендеуіне байланысты тәуекелдер бар.
"Импорттық отынның қымбаттау тәуекелдері бар, бұл ішкі нарықтағы бағаларға пропорционалды түрде әсер етеді. Қалыптасқан резервтерге сүйене отырып, Қазақстанда өндірілген өнімдерге назар аударамыз", – деді Сәтқалиев.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Ресейде бензин бағасы айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта Ресейде бағаның төмендеуі байқалады, тоннасына шамамен 25 мың рубль", – деді ол.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады