Елімізде тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды

Елімізде тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.
"Қазір елдегі баспана бағасы сұранысқа қарай қалыптасып отыр. Яғни сатып алушылар көбейгенде күрт көтеріледі. Мұның алдын алу үшін үй құрылысы комбинаттарымен келісімшарт жасасуды қарастыруға болады", – деді вице-министр.
Айтуынша осылайша құрылыс материалдары делдалсыз төмен бағаға алынады. Демек үй де кенеттен қымбаттап кетпейді. Бірақ шекті соманың қашан бекітілетіні белгісіз. Вице-министр Қуандық Қажкенов әзірге мәселе жан-жақты зерделеніп жатқанын айтты.
Еске салсақ, осыған дейін сарапшылар 2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгеретінін айтқан еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті