Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде нәсілдік немесе діни араздықты тудыру үшін азаматтықтан айырмайтын болды

Азаматтықтан мемлекет мүддесіне қарсы кез келген қылмыстар үшін емес, тек аса ауыр қылмыстар үшін айыратын болды.

10152215

Қазақстанда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты тудыру қылмысы үшін азаматтықтан айырмайтын болды. Бұл туралы адвокат Джохар Өтебеков өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның жазбасына сәйкес, Әділет министрлігінде азаматтықтан айыру туралы қоғамдық тыңдау өтіп, онда жобаның жаңартылған мәтіні талқыланған.  Атап айтар болсақ, азаматтықтан айыру негіздерінен ҚР ҚК-нің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты тудыру) алынып тасталған.

Бұдан бөлек, Азаматтықтан мемлекет мүддесіне қарсы кез келген қылмыстар үшін емес, тек аса ауыр қылмыстар үшін айыратын болды. “Бұл баптардың аясын бірден кемітті. Кейбір террористік, экстремистік және әскери тұтқындарды өлтіру секілді тым экзотикалық баптар қалды”, — деп жазады адвокат. Жобада сотталғандарды елден қумайтыны жазылған. Өтебековтің атап өтуінше, сотталушының құжаттарын алып қойып, азаматтығы жоқ деген куәлік беріледі екен. “Сотталған, әділет министрлігінің пайымдауынша, бар болғаны Қазақстан азаматының “көптеген әлеуметтік игіліктерінен” айырылады”, — дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Сенатор: Отанын сатқандар азаматтықтан айырылады

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Талқылау