Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қоныс аударушылар мен қандастарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру ұсынылды

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстанда қоныс аударушылар мен қандастарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елімізде қоныс аударушылар мен қандастарды жаңа өңірге барған соң міндетті түрде жұмысқа орналастыруды көздейтін жоба қоғамдық талқыға шығарылды. Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланған.


Ауғанстан азаматы өзін қазақпын деп айтып, қандастарға арналған төлеммен пәтер сатып алған


СҚО әкімдігі қандастар мен қоныс аударушыларға арналған түсіндіру орталығының жұмысына 10 миллион теңге жұмсамақ


Жоба қоныс аудару бағдарламаларының тиімділігін арттыру және азаматтардың жаңа өңірде тұрақтап қалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Құжатта ресми жұмыстың болмауы қайта көшуге әкеліп, жергілікті бюджетке салмақ түсіретіні айтылған.

Осыған байланысты қоныстанған өңірде міндетті түрде жұмысқа орналасу, жұмыспен қамтылғанын растау және әлеуметтік аударымдар жасау талап етіледі.

Жоба 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор қызметкерінің Қытайдан келген қандастан 10 миллион теңге талап етіп, бопсалағаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 15:48