Қазақстандық инфекционист маман күннің қызуы коронавирустың таралуына қалай әсер ететінін айтты
Қазақстандық инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева ауа райының ысуына байланысты коронавирустың таралауы басылады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ультракүлгінді сәулелер патогенді вирустар мен бактериялардың көбін өлтіреді. Яғни сөзсіз күннің ысуының жағымды әсері мол. Жылы ауа райының өзі де адамдарға жайлы әсер етеді. Адамдар көшеге шығады, таза ауамен демалып, төрт қабырғаға қамалып отырмайды. Есік пен терезе ашылып, бөлме желдетіледі. Мұның бәрі жақсы», - деді маман.
Бұған қоса ол басты шарттардың бірі – әлеуметтік қашықтықты сақтау, барынша 1-2 метр аралықта жүру қажет екенін атап айтты.
«Вирус адамдардың жоғары тыныс алу жолдары арқылы таралатынын түсіну керек. Себебі ол жерге ультракүлгінді сәуле жете алмайды. Мәселенің мәнісі осында. Біздің міндет – осы вирустың таралуына жол бермеу», - деп қосты Динагүл Баешева.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі