Елімізде алдағы уақытта әуесқойларға да ақбөкен аулауға рұқсат беріледі
Қазақстанда ақбөкендерге әуесқой ретінде аңшылыққа шығуға рұқсат беру жоспарлануда. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында 20 қарашаға дейін жария талқылауға қолжетімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақбөкендерді әуесқойларға аулауға рұқсат берілуі мүмкін, алайда олардың мүйізін сату мақсатында аулауға болмайды. Жануарларды атуды тек бекітілген аңшылық шаруашылықтарының арнайы аумағында, сондай-ақ бөлінген квотаға сәйкес жүргізуге болады.
"Бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ақбөкендерге әуесқой мақсатта аң аулауға өтінім жергілікті атқарушы органға беріледі", – делінген бұйрықта.
Заң жобасына сәйкес тек еркек ақбөкендерді аулауға рұқсат беру жоспарланып отыр. Жануарды аулағаннан кейін аңшы оның мүйіздері мен сирақтарын таңбалауы керек.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"