Елімізде 18 қазан күні телеарна мен радиолар жұмыс істемейді
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үздіксіз телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.
"Қазтелерадио" АҚ IV тоқсанда ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілгені туралы хабардар етеді. Профилактика 18 қазан сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін", – делінген хабарламада.
18 және 19 қазанда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Алматыдағы Көк-Төбе радиотелевизиялық станциясында теле және радиоарналарды ажырата отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды