Елімізде 11 жекеменшік жылу орталығы мемлекетке қайтарылуы мүмкін
Елдегі 11 жекеменшік жылу орталығында тексеріс жүргізген прокурорлар мұндағы құрылғылардың жағдайы нашар екенін анықтады. Бұл жаңа жылу маусымында апатқа алып келуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында орталықтарды мемлекетке қайтаруы мүмкін екенін айтты.
"Премьер-министр жөндеу және жаңғырту жұмыстары бойынша нақты уақыт белгілеуді талап етті. Егер бұл орындалмаса, нысандарды мемлекетке қайтару бойныша шара қабылданады. Комиссия отырысы барысында ірі кәсіпорындарды газбен қамту саласындағы тиімсіз делдал-монополистерді жою мәселесі де талқыланды", – деді премьердің баспасөз хатшысы Динара Алимова.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”