Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елге келгеніме 20 күн болмады": Вьетнамнан келіп, Кипрге демалуға кеткен Гүлзира Айдарбекова оқырманына жақпай қалды

Танымал продюсер, медиаменеджер Гүлзира Айдарбекова тағы да шетелге демалуға ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Продюсер жақында Вьетнамнан оралды. 

“Ескі жылды Германия, Турция, Американың бірнеше еліне саяхатпен аяқтадық. Жаңа жыл басталысымен Вьетнамда демалу бұйырды. Міне, 20 күнге жетпей ойламаған жерден Кипрға ұшып барамыз. Былтырдан бері тек шет елде демалуымның себебі, арман дәптеріме жазып едім. Шын ниетпен тілеген тілек орындалады екен. Биыл тек саяхатпен өткізгім келеді. Сіздің армандарыңыз орындалды ма?”, – деп сұрады продюсер.


 


Желі қолданушылары жазба иесін сынға ала жөнелді. Бірі “мақтаншақ” деп жатса, енді бірі “ақшасы бар адам болғасын қыдырады” деп ақтап алып жатыр. 

“Сіздер қыдырмағанда енді кімдер қыдыра алады? Жұрт жейтін нанын зорға тауып отыр. Біреу тоңып секірер, біреу тойып секірер деген осы шығар. Тәубаға келейік”, “Шетелге қыдырмасақ та, өзіміздің қаламызда демалып жүрміз. Қонаққа барып, той тойлап арасында көңіл көтереміз. Осыған да шүкір”, “Елдің бәрі сендер сияқты ақшаны күреп тауып жатқан жоқ”, “Көп мақтанып кетеді” десе енді бір оқырманы продюсерді қолдады. “Қыдырса еңбектері бар”, Кедей болу адамның өзіне байланысты”, “Керемет демалыс тілеймін!”, “Әркім өзі үшін өмір сүреді, өзі үшін еңбек етеді, соған орай несібесін жейді”, – дейді бір топ оқырман. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова кенже ұлымен қыдырып, сынға қалғанын жазған едік. 

Талқылау