Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Фото: Елена Рыбакина Instagram парақшасынан
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1/8 финалда әлемнің 9-ракеткасы саналатын Рыбакина Чехия теннисшісі, 17-орында тұрған Линда Носковамен кездесті. Ойын екі сетте аяқталып, Елена 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Линда Носкова – 2021 жылы "Ролан Гаррос" турнирінің жасөспірімдер арасындағы жеңімпазы.
Ширек финалда Рыбакина әлемнің қазіргі 1-ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Бұған дейін, 1/16 финалда Елена Румыниялық Жаклин Кристианды 6:4, 6:3 есебімен ұтқан еді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған

