Елена Рыбакина қатарынан он екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 жарысының жартылай финалына өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз ширек финалда италиялық теннисші Мартина Тревизанға қарсы ойнап, 6:3, 6:0 есебімен жеңіп кетті.
Матч 1 сағат 10 минутқа созылды. Ойын кезінде Рыбакина 8 эйс жасады.
Айта кетері, бұған дейін Елена Рыбакина Miami Open жарысының тек үшінші айналымына ғана өткен. Сонымен қатар қатарынан 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, өз рекордын жаңартты.
Жартылай финалда Рыбакина Джессика Пегула мен Анастасия Потапова арасындағы бәсекеде жеңіске жеткен теннисшімен ойнайды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

