Елена Рыбакина Испаниядағы WTA 1000 турниріндегі жеңісті жолын жалғастыруда
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінде жеңісті жолын жалғастырып жатыр. Алғашқы айналымда қытайлық Юань Юэні екі сетте жеңген отандасымыз екінші кезеңде де жеңіске жетті. Ол екінші айналымда италиялық Лючия Бронцеттиті де екі сетте, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, үшінші айналымға жолдама алды. Рыбакина үшінші кезеңде әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Марта Костюк пен 76-орында тұрған Майар Шериф жұбының жеңімпазымен жолығады.
Айта кетейік, соңғы рет Елена Рыбакина Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленген еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті

