Елена Рыбакина Германиядағы турнирде жарақат алып қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Германиядағы Штутгарт WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің жетінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) турнирде WTA рейтингінде 14-ші орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад Майиге қарсы екінші айналымдағы кездесуінде ойыннан шығып қалды. Есеп: 1:6, 1:3.
"Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы жамбас сүйегінен жарақат алды", - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен