Australian Open: Елена Рыбакина жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалда отандасымыз латвиялық Елена Остапенкоға қарсы ойын өткізді. Алғашқы сеттt Рыбакина 3:1 есебімен жеңіп жатқан, алайда жауын салдарынан ойын тоқтатылды. Ойын жалғасқан соң 6:2 есебімен жеңіске жеткен. Екінші сетте де қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті.
Елена Рыбакина WTA рейтингінде 25-орында, ал Остапенко 17-орында тұр. Жартылай финалда Рыбакина Джессика Пегула (АҚШ) мен Виктория Азаренко (Беларусь) жұбында жеңіске жеткен теннисшімен ойнайды.
Отандасымыз өз мансабында алғаш рет Аустралияның ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

