Елена Рыбакина Australian Open жарысында екінші орын алды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалда отандасымыз Беларусь спортшысы Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Үш сетке созылған текетіресте Рыбакина 6:4, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша Елена Рыбакина Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық атанды.
Айта кетейік, Australian Open Үлкен дулыға сериясындағы 4 маңызды сайыстың бірі. Аустралияның ашық чемпионаты Мельбурн қаласында өтті. Бұған дейін Рыбакина тарихи сенсация жасап, Үлкен дулыға сериясындағы Уимблдон жарысын жеңген еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды

