Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласады
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан соңғы лицензиялық Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Сметов соңғы рет Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде сынға түсіп, ширек финалда грузин балуаны Лухум Чхвимианиге есе жіберген еді.

