Елдос Сметов бозкілемге нақты қашан оралатынын айтты
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бозкілемге қашан оралатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Елдос Сметов бозкілемге жақын уақытта оралмайтынын мәлімдеді.
“Мен үшін Олимпиада енді аяқталды. Бұйырса, біраз демаламын. 2025 жылдың соңына таман татамиге ораламын. Мүмкін болса, 2026 жылдың қаңтары деп ойлаймын. Қазіргі таңда ағылшын тілін үйренбекпін. Келер жылдың қаңтар айында 4 айға Лондонға оқуға кетіп барамын. Қазіргі жоспар осы болып отыр. Кейін ақырындап жаттығуға кіріспекпін", - деді Елдос Сметов.
Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметовтің Тоқаевпен бірге Франция президентінің қабылдауында болғанын жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

