Елдегі жылдық инфляция 16%-дан асып кетті - Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында инфляцияның артқанына алаңдаушылық білдірді. Сөзінше, 8 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 16%-дан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлихан Смайылов 8 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өскенін айтты.
“Барлық әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек. Сонымен қатар тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кетті", – деді ол.
Үкімет басшысы барлық жауапты басшыларға бағаны тұрақтандыру жұмысын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
"Өңір әкімдіктері мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдері өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейту қажет", – деді премьер-министр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"