Елдегі бомбадан қорғанатын панажайлардың 70%-ы жекенің қолына өтіп кеткен: Министр мұның заңды екенін мәлімдеді
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі бомбадан қорғануға арналған панажайлардың 70%-ы жекенің қолына өтіп кеткеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Журналистер мәжіліс отырысынан кейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен бомбадан қорғанатын панажайлардың жекенің қолына өтіп кеткені жайлы сұраған еді.
"Панажайлардың басым бөлігі өндіріс орындарында орналасқан. Сәйкесінше бұл панажайлар сол өнеркәсіпте жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана арналған. Сондықтан әр басшылық жеке құрамына жауапты деп ойлаймын. Біз мұның барлығын тексеріп, ретке келтіріп жатырмыз. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен тізім дайындап, бұлардың барлығын осы тізімге қосамыз. Аталған мекемелер нысандарды қиратып, басқа жаққа көшірсе де, өздері біледі. Бұл заңға қайшы емес", – деді ол.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"