Экс-кеден қызметкері Испаниядан экстрадицияланды: Ол бюджетке 45 миллион шығын келтірген

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасауда күдікке ілінген кеден қызметінің бұрынғы қызметкері Испаниядан экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деп күдіктелуде.
“Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады. Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.
Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен