Экономист өзгелермен салыстырғанда жылдам өсетін екі валютаны атады
Бүгінгі таңда ең перспективалы валюталар ішінде доллар мен швейцариялық франк көш бастап тұр. Мұндай пікірмен Ресей халықтар достығы университеті Бизнес және халықаралық экономика институтының доценті Владимир Григорьев бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Прайм" басылымына сілтеме жасап.

Экономист долларды әмбебап төлем құралы деп атады. Сонымен ол АҚШ экономикасының әлемдегі ең ірі екенін де атап өтті. Оның сөзінше, еуро тек бірнеше елде ғана қолданылғандықтан мұндай мүмкіндікке ие бола алмайды.
"Үздіктер қатарында швейцариялық франк та бар. Себебі Швейцария – әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты ел. Сондықтан франктың доллар мен еуроға қарағанда одан әрі нығаюына барлық жағдай жасалған", - деді Григорьев.
Геосаяси жағдай нашарлағандықтан қаржы нарығында Ресей рублі құлдырап кеткен. Ал Мәскеу биржасы 5,2 пайыздан айырылып, 3465,6 пунктке төмендеген.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен