Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология министрлігі мен "Оператор РОП" басшылығы 180 млрд теңге ұрламақ болған - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы 180 миллиард теңгені ұрламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, лауазымды шенеуніктер "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығымен бірге 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыруды көздеген. Зауыттар электр энергиясын өндіреді делінген. Ал құрылысқа утилизациялық алым ретінде жиналған 180 миллиард теңгені жұмсалады деп жоспарлаған.

"Ал мемлекет зауыттардың электр энергиясын 15 жыл бойы негізсіз жоғары тарифпен сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруге міндеттелуге тиіс еді. Уақытында қолға алынған шаралардың нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталды", - дейді тәртіп сақшылары.

"Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда отыр. Соңғы шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп толықтырды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бұған дейін хабарланғандай, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев Нұр-Cұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. 

19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-не қатысты қаулы қабылдап, оны утльдік алым жинау құқығынан айырды. Сондай-ақ утильдік алым қаражаты есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алды. "Жасыл даму" акционерлік ұйымы утильдік алым жинайтын болды. 

Талқылау