Екібастұзда сұмдық жағдайда табылған төрт бала ата-анасына қайтарылды: Дәрігерлер олардың ауыр дертке шалдыққанын айтады
Дәрігерлер Екібастұздағы пәтерлердің бірінен сұмдық жағдайда табылған балалардың диагнозын әлі анықтаған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап.

Қазір дәрігерлер биоматериалды геномдық талдауға Ресейге жіберу үшін құжаттарды жинап жатыр. Оны Аружан Саин қоры төлейді.
Бес айдан бері ем алып жатқан балалардың екеуіне мүгедектік берілді. Отандық медицина балаларда ешқандай генетикалық дертті анықтай алмаған. Алайда балалардың ауыр дертке шалдыққаны анық.
Шетелге геномдық анализдерін жіберу үшін Аружан Саин қоры қаражат төлеуге дайын.
"Дерт анықталған жоқ. Қазір біз анализдерді шетелде тексеру үшін құжаттар дайындап жатырмыз. Бір балаға 300 мың теңге шамасында қажет. Балаларды ешқайда апармаймыз. Анализді өзіміз алып, тексеруге жібереміз", – дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген