Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жаққа кеттік": Олжас Абай Қайрат Нұртаспен жақын араласпайтынын мойындады

Танымал әнші, актер Олжас Абай хитмен Қайрат Нұртаспен достығының қандай деңгейде екенін “DS Show” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иелерінің қос дауыста шырқайтын “Тау адам” әні тыңдарман ықыласына бөленді. 

“Қайрат әлі де досым. Қайратпен таныспай тұрып та, өнерін қатты бағалайтынмын. Кейіннен бірге жүрдік, дос болдық. "Тау адам" әнін жарыққа шығардық. Тағы біраз туындыларымыз болған. Мен өзім кино саласынан болғаннан кейін бір-бірімізден үзіліс жасадық. Қазір дуэт айтпаймыз. Бағытымыз екітүрлі болғасын да араласпаймыз. Эстрада жанры мені көптеген құбылысқа алып келді”, – деді актер. 



Сонымен қатар актер әншіліктен гөрі кино саласына көбірек бүйрегі бұратынын жасырмады. 

“Өзіме кино жанры ұнайды. Әншілікте жүріп, көп ақшаның дәмін таттық. Тез ақша келу, кету деген сияқты жайттар болды. Ал кинода тәртіп керек. Сол себепті екеуміз сәл екі жаққа ыдырадық. Маған кино саласы көбірек ұнайды. Бірақ әншілік те маған жақын. Әншілік түнде ұйықтатпайды. Тойларға шығасың, тәртіп бұзылады", – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Еске салайық, Олжас Абай бір киноға түсу үшін 6 миллион теңге гонарар талап ететінін жасырмаған еді. 

Талқылау