Екі шетелдік салмағы 755 келі есірткіні аяқкиім креміне арналған ыдысқа салып шекарадан өткізбек болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері есірткінің ірі партиясын мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған шетелдіктердің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚК
Биыл 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқкиім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.
“Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 келі болды. Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн доллардан астам болуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Фото: ҰҚК
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін түркістандық екі азамат есірткі дайындап жатқан жерінен ұсталған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды