Қазақстандық аурухана науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданған
Мақаншы ауданының денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында прокуратура дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтады.

Фото: Pixabay.com
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия препараттарын қолданылған.
“Нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы “Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу” бойынша 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
Желі қолданушысы: "Жаппай кешігу күні болды"
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес