AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі рет үйленген Екібастұз тұрғыны балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды

Екібастұзда алимент төлеуден қашып жүрген ер адам балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

27 қаңтар күні Екібастұз мамандырылған сотының үкімімен, 38 жастағы азамат кәмілеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлемегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы, 1-тармағы ("Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау") бойынша кінәлі деп танылды. Ол екі сот актісі бойынша әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Ер адам екі рет некеде болған. Әр отбасыда кәмілеттік жасқа толмаған балалары бар. Ол ешбір баласына алимент төлемеген. 
Ер кісінің бұрынғы әйелдері сот орындаушыға жүгінді. Ер адамның балаларына 5 млн теңгеден аса қарыз болып қалғаны анықталды. 
Учаскелік инспектор алимент төлеуден қашып жүрген әкейді тапты. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша екі әкімшілік іс қозғалды. 



Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін де алимент төлемейтін болса, қылмыстық іс қозғау жағы қарастырылмақ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр