Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанды: Шымкенттегі дәмханада атыс болды (видео)

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан екі адам көз жұмып, тағы төртеуі жарақаттанды.

Екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанды: Шымкенттегі дәмханада атыс болды

Сурет: Otyrar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 29 қазанда сағат 17:30 шамасында Арғынбеков көшесіндегі дәмханада орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, оқ атқандар саны екеу болыпты. Олар қарудан оқ жаудырғаннан кейін бірден оқиға орнынан ізін суытып, «Сайга» модельді екі қаруды дәмханадан 300 метр қашық жерге лақтырып кетіпті.

Оқиғадан кейін тергеушілер мен криминалистер дәмхана аумағын қоршауға алды. Сонымен қатар дәмхана маңына Toyota 70 және Lexus RX 350 маркалы екі көліктің тұрғаны хабарланды. Құқық қорғаушылар олардың бірінің салонынан қомақты ақша тапты. 

Дәмханада атысқа қатысқандардың бірі оқ жарақатынан тіл тартпай кетті. Инсайдер мәліметінше, артынша тағы бір адам көз жұмған.

Ал зардап шеккен 4 адам қалалық №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілер – 1984, 1987, 1989 және 1996 жылғы азаматтар.

Дәмханадағы атыс дерегі бойынша ұсталғандар бар.

Талқылау