Егістік алқабында жұмыс істеп жүрген ер адамды аралар шағып өлтірді
Хорватияда егістікте жұмыс істеп жүрген екі ер адамға бүгелектер (ред. – араның бір түрі) шабуыл жасап, біреуін шағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

58 жастағы ер адам 8 шілдеде Вараждин жупаниясы Жоғарғы Воча муниципалитетінде досына көмектесіп жүрген. Ер адамдар шөп теңін аударғанда астынан аралар шығып, шаруаларға шабуылдаған.
Ер адамдар үйлеріне қашып кеткен. Алайда жәндіктер оларды шағып үлгеріпті. Біраз уақыт өткен соң шаруалардың бірінің жағдайы нашарлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, зардап шеккен ер адамды құтқару мүмкін болмаған.
Аймақтық прокурордың орынбасары мәйітті сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдаған. Кейін мәйіт Вараждин қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі