Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Grand Slam турнирінде қола жүлдені жеңді
Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшысы Ерасыл Қажыбаев Бакуде өткен Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz
Әзірбайжанда өткен бәсекеде 100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз жұбаныш белдесуде Түркия спортшысы Ибрахим Татароглуды жеңді. Осылайша қола медальға таласуға мүмкіндік алды.
Жүлде үшін таласта Қажыбаев грузиялық Саба Инанеишвилимен күресті. Татамиде барын салған Ерасыл бұл белдесуде жеңіске жетті. Осылайша Grand Slam жарысының қола жүлдесін иеленді.
Бұған дейін, Ерасыл Қажыбаев самбодан әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген. Сондай-ақ Азия ойындарының чемпионы және дзюдодан командалық сайыста Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”

