Дзюдошы Елдос Сметов ұлды болды
Олимпиада ойындарының жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметов ұлды болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сүйінші хабарды көпшілікке әнші Төреғали Төреәлі жеткізді.
"Батырдың бауы берік болсын, батырым. Өзіңізден өте туған ұл болсын", - деп ақ тілегін білдірді ол.
Айта кетейік, 2017 жылы Сметовтың отбасын құрғаны белгілі болды. Спортшының жарының есімі – Балауса Әділжан. Instagram парақшасында келтірілген дерекке сенсек, екеуінің екі қыз, екі ұлы бар.

"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған