Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы белгілі болды
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет құны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астанада өнер көрсетеді.
Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, баға 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
-
Министрлік неліктен әлемдік жұлдыздардың концертпен Қазақстанға жиі келмейтінін түсіндірді
-
"Ұят қайда?!": Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді
Еске салайық, Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінен еліміз қанша табыс табатыны айтылған еді.
Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов үкімет отырысында америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетінін жасырмады.