Дулат Бекбауов "Странджа кубогінде" топ жарды
Болгарияда өткен байрақты бәсекеде Дулат Бекбауов чемпион атанып, құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: @boxingkazakhstan
Кіші әлем чемпионатына теңелетін "Странджа кубогінде" әлем чемпионатының күміс жүлдегері қарсыласқа шақ келтірмеді. 67 келіде жұдырықтасқан отандасымыз алғашқы айналымда жергілікті спортшы Благовест Неделчевтен айласын асырса, екінші кездесуінде украиналық Лозан Данилоны ұтты.
Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибиді, финалда үнді Ражат Ражаттан бір бас жоғары болады. Осылайша, отандасымыз құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салып, Қазақстан құрамасын сәтсіздіктен құтқарып қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "Странджа кубогінде" тек үш жүлдеге ие болды. Дулаттың алтынынан бөлек, Санжар Тәшкенбай (51кг) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (80кг) қола жүлдегер атанды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

