"Дөрекі сөйлеп, бортсеріктерді балағаттаған": Мас күйінде ұшаққа мінген екі Ресей азаматы рейстен түсірілді
Ұшақта мас болып жүрген Ресей Федерациясының екі азаматы рейстен түсірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейліктер Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде дөрекі сөйлеп, бортсеріктерді балағаттаған.
Биылғы жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 12 539 азаматты әкімшілік жауапқа тартты.
"Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға мас күйде келгені үшін – 1429, ұсақ бұзақылық үшін – 179",-делінген хабарламада.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"