"Доллардың көмегі": Ерке Есмахан сұлулығының құпиясы неде екенін айтты
Ерке Есмахан сұлулығының сыры мен ғашықтық жайлы ой қозғады. Әнші болашақ күйеуінің бойындағы жақсы да жаман қасиеттерді саралап отырмайтынын, тек жүректің қалауына еретінін атап өтті. Ол желіде оқырман сауалдарына ашық жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші болашақ серігінің бойындағы қасиеттерді саралап отырмайтынын айтты.
"Ғашық болу бір тылсым күш қой. Сүйген жанның минустарын жақсы көріп тұрасың. Сүймегеннің плюстары да ұнамай тұрады. Сондықтан қасиеттерін санап отырмаймын. Жүрекпен сезем барлығын", - деді ол.
Одан бөлек, әнші болашақта өзі жайлы кітап жазылып, кино түсірілетінін хабарлады. "Орысша сөйлей алмайды" деп сынайтындарға жауап берді.
"Орысша да, ағылшынша да сөйлей аламын. Қазақ тіліне деген құрметім ерекше", - деп мәлімдеді ол.

"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"