Доллар курсы тағы да қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11:00-де доллардың орташа алынған бағамы 1,26 теңгеге көтеріліп, 424,7 теңгені құрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, күндізгі сауда-саттықтағы еуро бағамы 0,20 теңгеге төмендеп, 498,7 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды 424 теңгеге сатып алып, 425,5 теңгеден сатылды. Еуро 495 теңгеге сатып алып, 499 теңгеден сатылды. Ресей рублі 5,65 теңгеге сатып алып, 5,61 теңгеге сатылды.
Сонымен қатар, WTI шикі мұнайының бағасы 23 қыркүйектегі сауда кезінде өсті.
Осылайша, WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,74% көтеріліп, барреліне 39,60 долларға жетті.
Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,67% төмендеп, барреліне 41,44 доллар болды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен