Елімізде доллар бағамы тағы көтерілді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының KASE деректеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 436,22 теңгені құрады.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, дәл қазір Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 437,98 теңгені, ал сату 439,01 теңгені құрап отыр.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 437,90 теңгеден сатып алынып, 439 теңгеден сатылуда.
Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 435,76 теңгені құрады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен