Доллар бағамы 525 теңге болды: Ұлттық банк валюта интервенциясын бастағанын мәлімдеді
Қазақстанның ұлттық валютасының бағамы бір АҚШ доллары үшін 500 теңгеден асып түсті. Еліміздің Ұлттық банкі жағдайға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik
Қазіргі уақытта биржалық сауда бір АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында жүріп жатыр. 28 қарашадағы жағдай бойынша теңгенің орташа сараланған айырбастау бағамы бір АҚШ долларына 525 теңге болып, кешеден бері 2,4%-ға әлсіреді.
Фото: Видеодан скрин
Валюта бағамына сыртқы факторлар да, ішкі факторлар да кері әсер етіп отыр.
АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгерістері аясында барлық жерде дамып келе жатқан нарықтық валюталардың теріс динамикасы байқалады.
“Негізгі әлемдік валюталарға қатысты доллар бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2%-ға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (2024жылдың 28 қарашасында). Emerging Markets валюталарының индексі ай басынан 3,0%-ға төмендеді (2024 жылғы 28 қараша бойынша)”, – делінген хабарламада.
Доллардың көтерілуі – шикізат таурлары үшін әдеттегідей теріс фактор.
“Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды үнемі қадағалап отырады. Еркін айырбастау бағамы режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейін бағдарламайтыны және оның қалыптасу үрдісіне кедергі келтірмейтіні іргелі факторларға сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық Банк айырбас бағамын қалпына келтіру және валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастыруға дайын”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Кешеден бері Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы тағы өскені туралы жазған едік.