Діни шараларды өткізу үшін енді әкімдікке ескерту жасау қажет
Облыстар мен қалалардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жергілікті атқарушы органдары діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекітеді. Сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі хабарламаларды қарастырады. Арнайы өзгертулерді ҚР Қоғамдық даму министрлігі жасайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Стационарлық жайлардың орналасуын бекіту және діни ғимараттардан тыс іс-шараларды өткізу туралы хабарламаны қарау кезінде төмендегі шарттар ескеріледі:
- "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасқан жерін бекіту туралы шешім беру" Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес өтініш берушілер ұсынған құжаттар; діни заттар";
- үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
- облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы діни ахуал;
- стационарлық үй-жайлардың және діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 10 тамызға дейін жарияланған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"