Дина Тасболатова: Төсек сахнасында ойнадым
Актриса Дина Тасболатова төсек қатынасын көрсететін сахнада ойнағанын ашып айтты. Кино жұлдыздың жалаңаштануын талап еткен туынды әлі жарыққа шықпаған.

Бұл туралы Stan.kz Алматы арнасының "Папарацци" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дина Тасболатова әріптесі Чингиз Капинмен қосатындарға жауап берді. Ол екеуінің арасында он жылға жалғасқан достық бар екенін ашып айтты. Сондай-ақ актриса бүгінгі таңда жүрегін жаулаған жігіттің бар екенін, оның өнерден алшақ екенін жасырмады.
"Киноға келгенде қатып қалған ұстанымдарым жоқ. Бірақ толықтай жалаңаштанбаймын. Қазірше оған дайын емеспін. Төсек сахналарында ойнадым. Драматургия, тарих соны талап еткенде, мен дайынмын. Бірақ шектен шықпай, барлығы орынды болуы керек.
Асқар Ұзабаевтың "Адам мен алма" атты фильмінде сондай сахна бар. Бірақ ол өте көркем, әдемі сахна болды", – дейді актриса.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған