Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың ізбасары республикалық ән бәйгесінің бас жүлдесін еншіледі (видео)

Жезқазғандық 11 жастағы Мәди Аманбаев республикалық “Аялаған Астана” телеконкурсының жеңімпазы атанды.

e6bc9963c369aa63681d348c32b51363

Бұл туралы “Экспресс К” басылымы хабарлайды.

Бұған дейін бұл жас әнші әлеуметтік желіде Витастың “Опера №2” шығармасын орындау арқылы кеңінен танылған еді. Көпшілік сол кезде жас әншіні Димашқа ұқсатқан.

Мәди 5-сыныпта оқиды. Қарапайым отбасынан шыққан: әкесі- шахтер, анасы – үй шаруашылығында. 9 жасында ол жергілікті өнер мектебінің вокал бөліміне түсіп, шығармашылықпен шындап айналысады. 

КТК ужымына мын алгыс!!! 😊 #нашаправда #АлексейШахматов #Алматы #Жезказган2017 #АманбаевМади

Публикация от Аманбаев Мади Дауренұлы (@madi_amanbaev)

Соңғы үш жылда ол республикалық “Ғұмырдария” жарысында ол үш рет Гран-при алды. Сондай-ақ, Түркияда өткен Аrt-Bayterek халықаралық ән сайысының да бас жүлдесін еншілеген.

“Болашақта мен Димаш Құдайбергенов сияқты танымал әнші болып, Қазақстанды әлемге танытқым келеді”, – дейді Мәди.

Оқи отырыңыз:

Оразымбетова әпкесі Жүнісовадан кешірім сұрау үшін арнайы Алматыға келді

Жұрт Пасха мерекесін тойлаған Баян Есентаеваны сынап тастады (фото)

Есін жиған Ернар Айдар тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты

Айман Мұсақожаева Димашпен бірге Қытай сахнасында өнер көрсетеді

Талқылау