Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйері қазақша ән шырқап, көпшілікті дауысымен таңғалдырды
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің көрермендер арасынан белгісіз бойжеткенді сахнаға алып шыққан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр
Сахнада “Махаббат бер маған, тағдыр” әнін орындап тұрған Димаш Құдайберген микрафонды жанкүйердің біріне тосып, ән айтуын сұрады. Шетелдік божеткеннің дауысы таңғалдырғаны соншалық, Димаш оны сахнаға шығарды.
“Күте тұрсаңыздар. Мұнда келіңіз. Қайдасыз? Сіз кімсіз? Мұныңыз не? Сізді көргеніме қуаныштымын. Қобалжымаңыз. Сіздің дауысыңыз сондай керемет. Жәй ғана шырқаңыз”, – дейді Димаш бойжеткенге микрафонды беріп.
Жиналған қауым талантты жанкүйерге қошемет көрсетіп, қолдады. Таңғалысын жасыра алмаған Димаш Құдайберген бойжеткенді құшақтап, сахнадан шығарып салды.
Бойжеткеннің есімі Кристи, Димаштың румыниялық жанкүйері екен.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі