Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін концертіне билеттер қанша тұрады?
Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концертін бермек. 23 қыркүйекте өтетін шоудың билеттері сатылымға шықты. Әншінің айтуынша, сатылым басталған соң, 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен Dеars фанаттар тобы билеттер сатып алған. Ал әлемге әйгілі қазақ баласының Алматыдағы концертіне билеттер қанша тұрады? Stan.kz ақпарат агенттігі анықтады.

Ал Димаштың әнін тыңдасам болды дейтін өзге фанаттар үшін стадиондағы орындар құны 8 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін барады.
"Билеттер сатылымының басталғаны хабарлаған соң, 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен Dеars билеттерін сатып алды. Бүгін билеттер сатылымының 2-ші күні басталды.Одан да көп қонақ болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рахмет! Барлықтарыңызды жақсы көремін! 23 қыркүйекте Алматыда!" – деп бөлісті әнші.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты