Димаш Құдайберген жаңа әні туралы айтып берді
Өнеріне әлем тамсанған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық "Go, Go Squid" сериалына арнайы жазылған саундтректің шыққаны туралы айтып, оқырмандарынан "Сouldn' t Leave" әні туралы пікірлерімен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram парақшасында видеороликтен қысқа үзінді салып:
"Жақында менің Қытай телехикаясына жазған саунтрегім шықты. Сіздерге ұнайды деген үміттенемін", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Әннің премьерасы 17 шілдеде өткен еді. Желіде тректің толық нұсқасы мен Eurasian Fan Club жанкүйерлері "Сouldn' t Leave " мәтінін жариялап, әнді орыс тіліне аударып жариялаған.
"Go, Go Squid" телесериялы 2019 жылдың жазында экранға шыққан болатын. Атын тікелей аударғанда - "Алға, Кальмар" деген мағна береді, басты кейіпкердің лақап аты бойынша. Орыс тілдегі мағынасы "қымбат, сүйікті" деп аталады.
Драмасы желісі Тун Нянь есімді 19 жасар үздік студент, аниме-косплей жұлдызы және әнші қыз туралы әңгімелейді. Қыз киберспортмен Хань Шанға ғашық болып қалады. Жігіттің лақап аты-Кальмар. Ол виртуалды әлемде өмір сүреді және Қытай командасы киберспортта әлем чемпионы болу үшін бәрін жасайды. Дорама 14 сериядан тұрады.