Димаш Құдайберген Қытайда жаңа шоуға қатыспақ
2 жылдан кейін Қытайға қайта оралдым деп хабарлаған Димаш Құдайберген жаңа бағдарламаға қатыспақ. Шоу туралы әншінің өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ешқандай да вокалдық сайыс емес. Өйткені жобада: танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын", – деп жазды Димаш.
Айта кетейік, жақында Димаш Қытайға қайта оралғанын хабарлаған еді. Кей ақпарат көздері өнерпазды Аспан асты еліне біржола көшті деп беруіне байланысты, Димаштың анасы Светлана Айтбаева пікір білдірді. Сондай-ақ Димаш жақында “Азияның ең сымбатты ер азаматы” атанды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан