Димаш Индонезиядағы тыңдарманын Санкт-Петербургтегі концертінде ән айтуға шақырды
Димаш Құдайберген 29 қарашада Санкт-Петербургте өтетін концертіне Индонезиялық әнші Римарды ән айтуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің индонезиялық талантты әнші туралы жазбам естеріңізде болар. Мен оның орындаған бірнеше әндерін көрдім. Енді үлкен сахнада қалай өнер көрсететінін көрсем деймін. Бұл Ресейде Санкт-петербургте өтетін жеке концертімде болады. Ендеше қымбаттыларым көріскенше", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Шілде айында индонезиялық бойжеткен Димаштың Игорь Крутойдың концертінде орындаған "Любовь уставших лебедей" әнін айтып, желіде бөліскен болатын. Ол әнді орысша орындаған.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген