Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында қазақша ән айтты
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шарасына қатысты. Онда әнші қазақтың "Самалтау" халық әнін орындады. Бұл туралы Димаштың ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді.
Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.
Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады. Бұл АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығын ашатын іс-шарада Sister Cities International мен АҚШ және Қазақстан қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет әртіс қатысқан кез болды.
Димаш SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді.
Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Мұның бәрі Президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындайды.