Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дикий Арман" өзін Ресейдің нұсқауымен ұсталды деп есептейді

Әлеуметтік желіде “Дикий Арманның” ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачков парақшасында “Дикий Арман” атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті.

Журналист Арман Жұмагелдиевке тағылған айып өзгергенін, енді ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, адам ұрлады, тонау, қаруды заңсыз сатты және ұрлады деген күдікке ілінген.

Козачков “Дикий Арман” өзіне қатысты іске Ресейдің араласқанын айтқан.

“Менің барлық уәждеріме бас прокуратура ісімнің артында Қазақстан ғана емес, Ресей де тұрғанын айтты. Мұның себебі әлі белгісіз. Әңгімеміздің соңы  тағылған айыппен келісетін болсам, іс сотқа дейін жетеді. Келіспеген жағдайда жаңа айып тағылуы мүмкін екен. Олар мені  20 жылға бас бостандығынан айырумен қорқытты”, - деп келтірді журналист Арман Жұмагелдиннің сөзін. 

Сондай-ақ Жұмагелдиев оған еш қатысы жоқ келеңсіздіктер үшін "айыпталғанын" айтты.

Жұмагелдиев қамауға алынған Қайрат Құдайбергенмен 2022 жылдың 5 қаңтарында кездескенін айтады. Олар адамдарды бейбітшілік пен тыныштыққа шақыруға тырысқанын алға тартты.

Бұған дейін "Дикий Арман" президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өз ісін қайта қарауды сұраған болатын. 

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында 24 адамды ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын. Одан кейін Бас прокуратура соққыдан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Талқылау