Диетолог жасартатын қасиетке ие өнімдерді атады
Диетолог Елена Соломатина жасартатын қасиетке ие азық-түлік өнімдерін атады. Маманның сөзінше, ұзақ өмір сүретін адамдардың мәзірінде көкніс, сүт қышқылды және ақуыз өнімдері, ферменттеу өнімдері болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Москва басылымына сілтеме жасап.

"Ұзақ өмір сүретін адамдар тұратын өңірлерде ферменттеу өнімдерін көптеп тұтынады. Біз тек қырыққабатты ашытқылаймыз, жібітілген алма өте сирек, жібітілген жидектер де", – деп түсіндірді диетолог.
Диетолог ас мәзіріне құрамында шайыртас қышқылы бар өнімдерді қосуға кеңес береді. Мұндай қышқыл ашытылған қырыққабат немесе жасыл тошалада кездеседі. Сонымен қатар қара түске боялған жидектер – қаражидек, көкжидек, қожақат таңқурай, алхоры, қара жемісті шетеннің пайдасы туралы да айтып өтті.
"Омега-3 майлы қышқылдар да жасартатын қасиетке ие. Ол балық майында, зығыр майында болады", – деді дәрігер.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды